15 наурыз – «Қайырымдылық» күні
Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет.
Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған. Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген.
Лесной ауылдық округі әкімінің орынбасары Баймагамбетов А. О., Ленин орта мектебіне Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту Министрлігінен, «Қазақстан халқы» қоғамдық қорынан Наурыз мерекесі аясында «Қайырымдылық» күніне орай, балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында «QН Жаздық жолдама -2024» қайырымдылық жобасы бойынша 2 жолдама табыс етті.
@qazaqstanhalqyna.kz
@oqu_agartu_ministrligi